Алматы және Қостанай облыстарында өрт салдарынан 4 адам қаза тапты

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Алматы облысының Қаратал ауданындағы Қалпе ауылында Пристанционная көшесіндегі екіпәтерлі тұрғын үйде кеше сағат 04.25-те өрт болды. Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін, үйдің ішінен 69 және 49 жастағы екі ер азаматтың денелері табылды. Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен 04.35-те сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі шақырылған жоқ.
Сондай-ақ қаңтардың 5-і күні сағат 04.52-де Қостанай қаласында Баймағамбетов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіру кезінде 62 және 35 жастағы екі адамның денелері табылды. Тілсіз жау сағат 09.25-те өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.