Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-31 мамыр аралығында Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні болуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Метеостанцияның дерегі бойынша, Қазақстанның көптеген таулы аймақтарында қар жамылғысы еріді, алайда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы биік таулы аумағында қар көшкіні болуы мүмкін.

Қар жамылғысы туралы ақпарат Іле Алатауының биік таулы станцияларынан ғана келіп түсуде. «Қар жамылғысының биіктігіне байланысты (80-170 см) Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 3-31 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі бар», - делінген хабарламада.

Осы аралықта биік таулы аумақтарда спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынады. 

Соңғы жаңалықтар