Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында қардың мол түсуінен күрделі жағдай орын алып отыр - В.Божко

АСТАНА 19 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында қардың мол түсуінен күрделі жағдай орын алып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қардың қоры 20-50 пайызға көпжылдық орта мөлшерден жоғары. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және кейбір жазық аудандарында күрделі жағдай орын алып отыр. Бұл жерлерде қардың қоры 1,5 жылдық норманы құрайды. Қардың айтарлықтай қалың түсуіне байланысты Өскемен қаласында төтенше жағдай жарияланды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өзендер ағысы бойынша Көксу, Лепсі (Алматы облысы) және Бұқтырма, Оба (ШҚО), Тобыл, Торғай (Қостанай облысы), Нұра, Шағалалы (Ақмола облысы), Кеңгір, Шерубай-Нұра, Сарысу (Қарағанды облысы) өзендері алабында қардың еруінен су деңгейінің көтерілуі туралы болжам жасалды.

«Өткен жылғы тасқынның туындау себептері мен жағдайына жасалған зерттеу көрсеткендей, қар қоры мен ауа райының күрт өзгерісі ғана емес, сонымен қатар қатып жатқан жердегі ерімеген қарға жылы жаңбырдың жаууы басты фактор болып табылады», -деп түйді В.Божко.

Соңғы жаңалықтар