Алматы және Шығыс Қазақстандағы су тасқынында зардап шеккен аймақтағы түлектер ҰБТ-да 50 балдан жоғары алса ректорлық гранттар берілмек

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтағы түлектерге ҰБТ-ны бір жарым ай кейін тапсыруға мүмкіндік берілді. Бұл туралы бүгін Астанада Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты,

Алматы және Шығыс Қазақстандағы су тасқынында зардап шеккен аймақтағы түлектер ҰБТ-да  50 балдан жоғары алса ректорлық гранттар берілмек

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтағы түлектердің ҰБТ-ға қатысуы мәселесіне тоқталған министр, «Алматы облысындағы Қызылағаш пен Шығыс Қазақстан облысы бойынша ол аймақтардағы мектеп бітірушілермен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен кездесу өткіздім. Биылғы жылы оларға Ұлттық бірыңғай тестілеуді, яғни егер өздері қаласа бір жарым айға шегеріп, шілденің 19-ы мен 24-і аралығында тапсыруға болады»,-деді.

Ж. Түймебаевтың сөзіне қарағанда, сондай-ақ олар 50-ден жоғары балл алса, алайда грантқа ілікпеген жағдайда ректор грантын алуға мүмкіндік берілмек. «Ал жақсы балл жинаса, әрине мемлекеттік гранттар тағайындалатын болады»,-деді министр.