Алматы және Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РММ ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстарға ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 мамырда Алматы және Жамбыл облыстарында нөсер жауын салдарынан өңірлердегі өзен суларының тасуы күтіліп, Алматы облысында селдің жүру қаупі сақталуда», - делінген хабарламада.