Алматы және Жамбыл облыстарында жол-көлік оқиғаларында екі адам мерт болып, тоғыз адам зардап шекті

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Алматы және Жамбыл облыстарында жол-көлік оқиғаларында екі адам қаза болып, тоғыз адам зардап шекті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 159-шы шақырымында «Мерседес» көлігінің жүргізушісі бетон бағанға соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 21 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмып, екі жолаушы ? 24 жастағы жігіт пен 1 жасар нәресте ауруханаға түсті. Сол күні таңертең Жамбыл облысының Талас ауданында Қаратау-Жаңатас тас жолының 15-ші шақырымында «ГАЗ-24» және «Ниссан» көліктері соқтығысып, көлік апаты 1 жастағы нәрестенің өмірін қиып кетті, ол ауруханаға апара жатқан жолда шетінеді. Жол-көлік оқиғасына ұшыраған қалған жеті адам түрлі жарақат алған, олардың ішінде екі бала бар.
Соңғы жаңалықтар