Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары жөнінде Қаулы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы ҚР Премьер-Министрінің Қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары жөнінде Қаулы шықты

Қаулыға сәйкес, Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертіледі.

Сондай-ақ осы құжатпен Жетісу облысының шекарасы белгіленетін болады.

Тиісті шараларды қабылдау екі облыстың әкімдіктеріне жүктелді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.