Алматы жаппай вакцинацияға дайын – Нариман Табынбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауға дайын. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы жаппай вакцинацияға дайын – Нариман Табынбаев

«Бүгінгі күні Алматы қаласы төрт траншпен 50 000 вакцина алды. Біз соңғы траншты 1 және 2 сәуір күні 34 900 доза мөлшерінде алдық. 2,5 күн ішінде 17 мыңнан астам тұрғынға вакцина егіп үлгердік. Вакцинация процесі бүгін де жалғасуда», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол вакцинация көлемі жеткізілген вакцина санымен анықталатынын айтты.

Вакцинацияның екі күніне талдау жасалды.

Нәтижиесінде, қаланың медициналық мекемелері тәулігіне 9-нан 11 мың адамға екпе жасай алады.

«Егер біздің ірі сауда орындарымыз осы шараға қатысатын болса, жаппай вакциналау мүмкіндігі артады. Қала, негізінен, жаппай вакцинацияға дайын», - деді Нариман Табынбаев.