Алматы жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам азық-түлік арзан бағамен сатылып жатыр

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жамбыл облысының тауар өндірушілері жеткізген 216 тоннадан астам азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында «Астана» алаңында бүгін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жамбыл облысы тауар өндірушілері алматылықтарға салмағы 216 тонна, құны 171 млн теңгенің азық-түлік өнімдерін 15-20 пайыз арзан бағамен ұсынды. Оның ішінде, 37 тонна жылқы, қой, сиыр, құс еті, 21 тоннадан астам сүт өнімдері 5 мың жұмыртқа, 2 тонна кептірілген жемістер, 104 тонна көкөніс, тағы басқалары. 

Соңғы жаңалықтар
telegram