Алматы ЖЭО-лары ауаға үлкен көлемде шығарынды тастайды –ЕҚДБ өкілі

«Бұл жерде саяси ерік-жігер мен келешек туралы ашық түсінік керек. Қазақстан ақпан айында өзінің ұзақ мерзімді жоспарын (көміртегінен бейтараптық туралы – ред.) мақұлдады. Сондай-ақ Қазақстан осы өңірдегі көміртегі шығарындыларын 2060 жылға қарай нөлге жеткізу, инклюзивті энергия жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатын жариялаған алғашқы ел», - деді ЕҚДБ өкілі.
Сондай-ақ ол Қазақстанда өндірілетін энергияның 60 пайыздан астамы көмірден алынатынын еске салды.
«Мысалы, Алматыдағы жылу-электр орталықтары қоршаған ортаға үлкен көлемде шығарынды тастайды. Бұл азаматтардың денсаулығына әсер етеді. Мұндай жағдайда газды пайдалану ұсынылады. Бұған неғұрлым ерте қол жеткізсек, көміртегі бейтараптығын соғұрлым ерте қамтамасыз етеміз.
Қазба отынды субсидиялаудың климаттың өзгеруі, халықтың денсаулығы, экономикалық әсері деген сияқты салдары да бар.
Мемлекеттерге өз экспортын көміртексіздендіру мәселесімен айналысып, бәсекеге қабілеттілігін орнықты қамтамасыз ету керек. Оның бәрі ақшаға келіп тіреледі. Біз бұл жерде басқа балама жол көріп тұрған жоқпыз», - деді Аида Ситдикова.