Алматы жол полицейлері бір күнде екі автокөлік ұрлығын әшкереледі

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қалалық жол полициясы қызметкерлері бір күнде жедел іздестіру нәтижесінде 2 автокөлік ұрлау қылмысын әшкереледі,
None
None

деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Орын алған қылмыс нәтижесінде, бірінші «Мазда» маркалы автокөлік 30 минут ішінде қолды болып, қылмыскер ізін жасырып үлгерген.

«Көлікті жымқыру барысында арнайы әмбебап кілттің қолданылғаны анықталды. Жедел түрде «Құрықтау» жоспары құрылып, іздеу барысында Алматы облысы аудандарының шекара қызметтері де тартылды», деді Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарыбасов. Оның айтуынша, қылмыскер жарты сағаттан соң-ақ Алматы-Ащыбұлақ тас жолының 4-ші шақырымында ұсталған.

ІІД-нің оперативтік орталығына екінші автокөліктің ұрланғаны туралы ақпарат түнгі сағат екілер шамасында келіп түскен. Бұл қылмыс бойынша, «Субару» көлігі ұрланған болып шыққан.

«Сараптамалық қорытындылар көрсеткендей, барлық көлік ұрлықтары күзеті жоқ, көпшілік орындарында орын алып отыр және көп жағдайда қауіпсіздік жабдықтарымен қамтамасыз етілмегендігі анықталуда. Ал қылмыскер болса, қаланың тар көшелерінің бірінде қуғыншылардың қолына түсті», деді А. Сарыбасов.

Бұл қылмысты жасаушы Тараз қаласынан Алматыға жұмыс іздеп келген азамат болып шыққан. Ұсталған мезетте ол қатты мас күйде болған.

Соңғы жаңалықтар