«Алматы ЖОО-на грантты ұтып ал!» олимпиадасына 100-ден астам оқушы қатысуда
Олимпиаданың құрылтайшылары құрамына қала әкімдігі мен Алматыдағы ҚазҰТУ, ҚазЭУ, ҚазҰПУ, Алматы технологиялық университеті сияқты жетекші 12 ЖОО кіріп отыр.
ҚазҰТУ-дың әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Қанатбек Мұқановтың айтуынша, олимпиаданың маңыздылығы, мүгедектігі бар, ата-анасының қарауынсыз қалған, көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың оқушылары грант үшін күресуінде.
Тестілеу жұмыстары қазақ немес орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және төртінші өзінің таңдаған пәні бойынша ҰБТ орталығының ережесіне сай өтуде.
«3 сағаттан кейін тестілеу жұмысының нәтижесі белгілі болады. Барлық жауаптар Алматыдағы Республикалық тестілеу орталығының филиалында қаралады. Кешкі сағат 4-тер шамасында грантты табыстау шарасы өтеді. Дегенімен, барлық қатысушылар ҰБТ жұмысына міндетті түрде қатысып, 50-ден кем балл жинамауы керек», -деп атап өтті өз сөзінде Қ. Мұқанов.