Алматы жұртшылығы академик Айтмұхамед Абдуллинді соңғы сапарға шығарып салды

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы жұртшылығы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР және академик Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері Айтмұхамед Абдуллинді соңғы сапарға шығарып салды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Абдуллин 1924 жылы 24 қарашада Қарағанды облысы, Қарсақбай (қазіргі Ұлытау) ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келген. Жастық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына тұспа-тұс келіп, ол 17 жасында өз еркімен майданға аттанып, Сталинград шайқастарына қатысып, бүкіл Еуропа елін аралап, соғыстың соңғы күнін Жапонияда өткерген.

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті геология-география факультетінің түлегі, Қаныш Сәтбаевтың үзеңгілесі, академик Абдуллиннің есімі біздің елімізге және шет елге жақсы таныс. Құмкөл кен орынын алғаш ашқан және аймақтық геология, геотектоника, стратиграфия, металлогения, мұнай және газ өндіру геологиясы саласының дара маманы ретінде кеңінен танымал. Ол 400 ғылыми жұмыстың, 10 монографияның авторы.

Белгілі ғалым КСРО-ның бірнеше ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Ол сондай-ақ, Қазақстанның құрметті инженері, «Қазақстанның Құрметті кен іздеушісі» атағының иегері.

А. Абдуллиннің есімі Алматы қаласының Алтын кітабына енгізілген.

Ғалым 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Соңғы жаңалықтар