11:46, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Алматы жұртшылығы Ата заң күнін атап өтуде
АЛМАТЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы жұртшылығы Конституция күнін қызу атап өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекелік шара веложарыстан басталып, Астана алаңындағы шарамен жалғасты. Конституця күніне арналған негізгі шара осы Астана алыңында өтуде. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, қала жұртшылығын құттықтады. Қазіргі кезде театрландырылған көріністер, эстрада жұлдыздарының меркелік концерті, ұлттық орталықтардың мәдени шаралары өтуде. Сондай-ақ алаңға жиналған жұртшылық кең экраннан Астанадағы мерекелік әскери шеруді тамашалай алады.Ол үшін алаңға арнайы экран қойылған. Мерекелік шара сағат 20.00-ге дейін жалғасады.Ал кешкісін ол концерт пен жастардың би кешіне ұласып, мерекелік отшашумен аяқталады.
Қаладағы 7 ауданда да мерекелік шаралар өткізілуде.