Алматы жұрты әскер қатарына шақырылған сарбаздарды салтанатпен шығарып салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Алматыда әскер қатарына шақырылған болашақ сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Салтанатты шараға қала басшысы Бауыржан Байбек қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

«Құрметті ардагерлер, жас сарбаздар сіздерді маңызды мерекемен құттықтаймын. 1992 жылы 7 мамырда, осыдан 25 жыл бұрын, Елбасы Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрылды. Осы жылдардың ішінде біздің Қарулы Күштеріміз заманауи техникалармен жабдықталды. Дәстүр бойынша біз осы күні жас алматылықтарды әскерге аттандырамыз. Бүгін 55 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып барады. Оларға сәттілік тілейміз», - деді Бауыржан Байбек.

Бүгінгі мерекелік шараны көруге ҰОС ардагерлері де шақырылды. Қала басшысы ардагерлерге құрмет көрсету жас ұрпақтың міндеті екенін айтты.  

«Өкініштісі, ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Біз оларға қарыздармыз, Жас кездеріңізде, 20 жасқа толмай майданға аттанып қыршын кеткен, Отанын қорғаған аталарымызды біз ешқашан ұмытпаймыз», - деді Бауыржан Байбек.

Бүгін жас сарбаздарды шығарып салу салтанатты шарасында Алматы қаласы бойынша Қорғаныс істері департаментінің басшысы генерал-майор Николай Қуатов әскерге аттанып бара жатқан жастар ізінен ерген бауырларына үлгі болады деп сенетінін айтты.

«Қазақстанның Қарулы Күштері Отан қорғаудың жаңа заманға сай институтына айналды. Әскер қатарына шақырылып отырған болашақ сарбаздар болашақ ұрпаққа үлгі болады деп сенемін», - деді ақ жол тілеген Николай Қуатов.

null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram