Алматы зообағы кеміргіштің ерекше түрін көрсетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы зообағында Чили тиіні өмір сүреді, оның видеосы бақтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағы кеміргіштің ерекше түрін көрсетті

Зообақ мәліметінше, дегу – ерекше тиіннің бір түрі. Бұл жануар басқа тиін сияқты аса танымал емес.

«Дегудің тағы бір басқа атауы – Чили тиіні. Дегулар негізінен Оңтүстік Амераканы мекендейді. Көбіне қорек іздеп ауылшаруашылық жерлеріне, егістік алқаптарға шабуыл жасайды. Сондықтан олар фермерлердің жұмысына едәуір шығын келтіреді. Бұл кеміргіштердің 8 өткір тісі бар. Негізінен күндіз белсенді тіршілік етеді. Олар дүниеге келгенде тістері аппақ болады, кейін уақыт өте келе қоңыр түске ауысады», - делінген Алматы зоо бағының Instagram-дағы парақшасында.

Дегулер 15-ке жуық түрлі дыбыс шығара алады. Олардың дауысы сол сәттегі көңіл-күйлеріне, мінез-құлықтарына байланысты құбылып тұрады.