Алматы зообағы жекеменшікке берілмейді - Бауыржан Байбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек соңғы кездері БАҚ назарына іліккен зообақты аралады.
Әкім зообақ басшылығына соңғы жылдары орын алған жағымсыз оқиғалардың орнын толтыру үшін бірқатар мәселені шешу керектігін айтты. Оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бар.
Оның айтуынша, зообақ коммуналдық меншікте қалады.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, басында зообақ кімнің меншігінде екендігін шешіп алу керек. Бүгін Партияның ұсынысына орай айтарым, ешқандай сенімді басқаруға берілмейді, ол коммуналды меншікте болады. Зоопарктағы жағдай үшін жауап беретін директор бар. Меценаттардың көмегі қабылданады. Бірақ, зообақты жекеменшікке беруге болмайды», - деп кесіп айтты әкім.
Қала басшысы өз көзімен көрген кемшіліктерін жіпке тізіп, зообақ директоры Кәрімов Қанатқа тез арада жоюды тапсырды.