Алматы зообағына Калининградтан бір жасар сусиыр жеткізілді
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Алматы зообағына Ресейдің Калининград қаласынан Макси есімді бір жасар сусиыр жеткізілді.
«Макси алдымен ұшақпен Санкт-Петерборға жеткізілді, әрі қарай Қазақстанға жөнелтілді. Мұндай кезде жануар үшін тасымадаудың барлық жайлы жағдайы жасалады - ұшақтың жүк сақталатын бөлігінде 16-18 градус температура сақталады»,- дейді Калиниград зообағының мамандары.
Сусиыр «Ресей» әуекомпаниясының жолаушылар рейсімен жеткізілді. Жануардың салмағы 350 келіден асатындығына қарамастан, ол әлі бала саналады - желтоқсанның 1-інде Макси небәрі 1 жасқа келеді.
Макси қазақстандық зообаққа алмасу негізінде беріліп отыр, бірақ оның орнына Калининград зообағына қандай жануар берілетіні әзірге белгісіз. Сусиыр құстардың сирек түрлеріне ауыстырылуы ықтимал, дейді мамандар.