Алматы зообағынан маймыл қашып кетпек болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы хайуанаттар бағында келеңсіз жағдай болды. Приматтар бөліміндегі Паша атты шимпанзе қысқы қоршаудан жазғысына ауыстырылатын кезде темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағының мәліметіне сәйкес, өз аумағынан бөлектеніп қалғандықтан, стрестік жағдайға ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып, әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны қағып жіберген.

«Бала жарақаттанды. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді.

«Хайуанаттар бағында жануарлардың қашуы сирек болатын жағдай емес. Мұндай оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып та жатады. Мамандардың жедел қимылының арқасында қиындық туындаған жоқ», - деп атап өтті зообақ өкілдері.

Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын.

Бұған дейін Алматы зообағындағы жануарлар жазғы вольерге көшіріліп жатқаны жазылған болатын.



Соңғы жаңалықтар