Алматы зообағында құлаған ағаш тауешкіні басып қалды

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кешегі дауылдан қураған ағаш құлап, ағаш діңі тауешкіні басып қалған. Жануар сол жерде өлді.

Бұл туралы Фейсбукте Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев жазды.

«Кеше сұрапыл дауылдан зообақтағы ескі бөренелер мен ағаштар құлады.  Табиғаттың тосын мінезінен бұл жолы мына керемет жануар өліп қалды. Қалалық Табиғатты пайдалану басқармасы мен аудан әкімдігінен  @akimat_medeu шұғыл түрде қураған ағаштарды кесу үшін арнайы техника  сұратып жатырмыз. Бұл ағаштар жануарлар үшін ғана емес, келушілер үшін де қауіпті болып отыр», - деді Ержан Еркінбаев.

Соңғы жаңалықтар