Алматы зообағында тұңғыш рет Жолбарыс күні атап өтіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының хайуанаттар бағында тұңғыш рет Жолбарыс күні атап өтіледі. Бұл күнді атап өтуді арнайы мақсаттағы бөлімшелер ардагерлері қауымдастығы мен «Бүркіт» күзет компаниясы ұсынды.

Алматы зообағында тұңғыш рет Жолбарыс күні атап өтіледі

Хайуанаттар бағы баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Жолбарыс күніне арналған бағдарлама аясында концерт, әр түрлі байқаулар, құттықтаулар және сыйлықтар болады.  Сондай-ақ, жолбарыстарды тосын сый күтіп тұр. Мереке - 29 шілде күні сағат 11:00-де басталады. Естеріңізге сала кетелік, әлем елдерінде Халықаралық амур жолбарысы күні жыл сайын қыркүйек айының соңында атап өтіледі.

Ал, қазіргі таңда Алматы зообағында бес жолбарыс өмір сүреді. Олар - алты жастағы Урман, оның күшіктері - үш жастағы Амур мен Буш, жеті жастағы ұрағашы жолбарыс - Гауһар және 16 жастан асқан ең кәрі ұрғашы жолбарыс. Оның лақап аты - Рада. 

Естеріңізге сала кетелік, биыл осы зообақта мамыр айында лақап аты Құралай деп аталатын ұрғашы жолбарыс өлген болатын. 

Таяуда Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелер қауымдастығы және осы қауымдастықтың президенті Владимир Канушин басқаратын «Бүркіт» күзет компаниясы Алматы зообағының жолбарыстарын өз қамқорлықтарына алғанын айта кеткен жөн.  Осыған орай, зообақта жолбарыстарға арналған жаңартылған вольердің салтанатты ашылу рәсімі болды. Одан басқа, келушілер назарына шоу-бағдарлама ұсынылды.

Биыл 4 қаңтарда зообаққа арыстанның күшігі жеткізілген болатын. Енді жақын болашақта қауымдастық мүшелері оған арнап, арнайы вольер жасап бермек ниетте.

null