Алматы зообағында түтіндену ошағы жойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы зообағындағы түтіндену ошағы жойылды. Бұл туралы жаңа ғана «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметкері Тоқтар Әлиев хабарлады.
«Зообақтағы пішен түтінденді. Өрт болған жоқ. Жануарлар мен құстар аман. Мүліктер сақтаулы. Түтіндену аумағы әзірге белгісіз, бірақ ол кішігірім ғана. Түтіндену ошағын өз күшімізбен 5-7 минуттің ішінде жойдық», - деді Т. Әлиев.