Алматы зообағында зебра құлындады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында зебра құлындады. Бұл туралы Инстаграм желісінде зообақтың бұрынғы директоры, мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев хабарлады.

Алматы зообағында зебра құлындады

«Біздің зебра құлындады. Енесі бізді құлынға жақындатпай жатыр. Ұрғашы құлын болар деген үміттеміз», - деді ол.

Қазір теңбіл құлын енесімен бірге экспозицияға шығарылды. Келушілер зебра төлін тамашалай алады.