Алматы зообағындағы қоқиқаздардың видеосы жұртшылықты тәнті етті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы хайуанаттар бағының тоғанында серуендеп жүрген қызғылт қоқиқаздар әлеуметтік желі қолданушыларды тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызғылт қоқиқаздардың әдемі бейнесі Алматы зообағының Instagram-парақшасында жарияланды.
«Бұл кезде зообақта да ерекше жағдай болды. Ауа райы ыстық емес, шулы тіршілік саябырсып, айналада тыныштық орнаған. Жануарларды емін-еркін тамашалауға мүмкіндік көп. Күзгі бояулардың арасында біздің қызыл қоқиқаздар да ерекше көрінеді. Сіздерді Алтын күздің көркін тамашалап, зообағымызды аралауға шақырамыз»,- деп жазылған Алматы зообағының Instagram-парақшасында.
Жақында Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығында 5 мыңға жуық қоқиқаз видеоға ілінді. Оны Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері түсіріп алған.
Айта кетейік, Қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.
Видеодан алынғын кадр