Алматы зообағының жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Жаңа құрылым зообақ жұмысының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, хайуанаттар бағының алдында тұрған барлық спектрлік міндеттерді шешуге ықпал етеді.

Бірінші отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері жануарлар коллекциясын сақтау және көбейту керегін, оларға көрсетілетін ветеринарлық қызметті жақсартып, материалдық-техникалық базасын және қызметкерлердің жалақысын көбейту мәселелерін атап өтті.

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан депутат Константин Авершин сайланды.

Қоғамдық кеңеске ҚР ҰҒА академигі Алихан Мелдебеков, Алматы қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаттары Константин Авершин, Бигелді Ғабдулин, Ерлан Стамбеков, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Сұлтанов, АҚ «Нархоз» университетінің деканы Дана Шаяхмет, Мәскеу хайуанаттар бағының экспозиция бөлімінің меңгерушісі Юрий Журавлев, биология ғылымдарының кандидаты Сергей Скляренко, Алматы қаласының хайуанаттар бағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хасен Бекқұлов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Қайрат Құдайберген кірді.

Соңғы жаңалықтар