Алматыда 1,3 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1310 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 1,3 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

9 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 938 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 141, келіп түскені – 144.

«Инфекциялық стационарларда 1 310 адам бар (төсек-орын - 3310 ). Оның ішінде 85 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр.

Ал 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 30 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7 033 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 556 науқас.

Симптомсыз 477 науқас бар.