Алматыда 1,7 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 1,7 млн теңгеден астам айыппұлы бар 55 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қырғызстанда тіркелген, жалпы сомасы 1 782 090 теңгені құрайтын айыппұлы бар «Toyota Ipsum» көлігі ұсталды. Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Бұл көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Автоматтандырылған жүйе жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Оның айтуынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан жүргізушілерді, рульге мас күйінде отырған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүріп жатыр.

