Алматыда 1 Мамыр күні бірқатар көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады

деп хабарлайды Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы.
Бұл күні мерекелік шерудің өтуіне орай, таңғы 07.00-ден Төле би көшесінің бойы, Байтұрсынов көшесінен - Фурманов көшесіне дейінгі аралықта мерекелік шаралар біткенге дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері қала көшелерінің жол қозғалысында қиындықтар тудырмас үшін жүргізушілерді көлік қозғалысын шектеуге шақырып отыр.
Шереуге жеті аудан бойынша, жалпы саны 21 мың адам қатысады деп күтілуде. Мерекелік шараға қатысушыларды арнайы автобус жеткізетін болады. Автобустарға арналған тұрақ Қазыбек би және Бөгенбай батыр көшелерінде қарастырылған. Шеруге дейін Төле би көшесіне көлденең жатқан Сейфуллин, Наурызбай батыр, Желтоқсан, Абылай хан, Панфилов көшелеріне жол қатынасы шектелмейтін болады.