Алматыда 10 әуе рейсі кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әуежайында 10 әуе рейсі кешігіп жатыр. Рейстердің кестесі туралы ақпарат әуежайдың онлайн-таблосында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 10 әуе рейсі кешігіп жатыр

«Қазіргі таңда әуежайда тікелей көрініс 230 метр, көлденең көрініс 3800 метрден анық болып тұр. Ұшақтарды қабылдау мен ұшыруда шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметі.

Кестесінен кешігіп жатқан рейстердің көпшілігі Эйр Астана мен Скат компаниясына тиесілі.

1. Туркиш Эйрлайнес TK351 Алматы-Ыстанбұл (Ұшақтың кешігу)

2. Скат DV735 Алматы-Семей (әуежайдағы метеожағдайға байланысты)

3. Эйр Астана KC863 Алматы-Ақтөбе (Ұшақтың кешігіп келуі)

4. Эйр Астана KC127 Алматы-Ташкент (Ұшақтағы ақауға байланысты)

5. Скат DV729 Алматы-Қостанай (Ұшақтың кешігіп келуі)

6. Эйр Астана КС953 Алматы-Астана (Техникалық жағдайға байланысты ұшақты ауыстыру)

7. Эйр Астана КС911 Алматы- Ыстанбұл (транзиттік жолаушыларды күтуге байланысты)

8. Эйр Астана КС109 Алматы-Бішкек (Ұшақтың кешігіп келуіне байланысты)

9. Скат DV706 Алматы-Шымкент (әуежайдағы метеожағдайға байланысты)

10. Эйр Астана KC913 Алматы- Ыстанбұл л (Техникалық ахуалға байланысты ұшақты ауыстыру) рейсі кешігіп жатыр.