Алматыда 10 жастағы баланы жаяу өтпе жолда көлік қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпан күні кешқұрым Алматыда 10 жасар баланы жаяу өтпе жолда автомобиль қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
None
None

Оқыс оқиға қаладағы Розыбакиев - Журавлев көшелерінің қиылысында орын алды.

Оңтүстік бағытқа кетіп бара жатқан Honda Accord автомобилі баланы жаяу өтпе жолда  қаққан. Ол басымен асфальтке соғылып, алған ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды.

Honda жүргізушісінің айтуына қарағанда, қаптаған машиналар арасынан өтпе жолға жүгіріп шыға келген баланы байқамай қалған.

Айта кеткен орынды, жол жап-жарық, ал жолаушылардың өтпе жолы қосымша жарықпен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар