Алматыда 100-ден аса кәсіпорын «Жиһаз және интерьер», «Сәулет және дизайн» және «Ағаш және ағаш өңдеу» көрмесіне қатысуда

;АЛМАТЫ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Атакент» орталығында «Жиһаз және интерьер», «Сәулет және дизайн» және «Ағаш және ағаш өңдеу» атты халықаралық қазақстандық көрме ашылды,

Алматыда 100-ден аса кәсіпорын  «Жиһаз және интерьер»,  «Сәулет және дизайн» және «Ағаш және ағаш өңдеу» көрмесіне қатысуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындар қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеге алыс және жақын 13 шет елден 100-ден астам кәсіпорындар мен компаниялар қатысуда. Көрмеге жиһаз және ағаш өңдеу саласындағы соңғы заманауи технологиялар, әр түрлі бағыт пен стильдегі жиһаздар мен материалдар, интерьердің декоративті заттары қойылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме отандық жиһаз өндірушілердің сыртқы және ішкі нарықта позициясын нығайтуға, іскерлік ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге, инвестиция мәселелерін шешуге, сонымен қатар, жаңа байланыстарды орнатуға ықпал береді.

Шара барысында жиһаз және ағаш өндірісі саласындағы жетістіктер мен озық технологиялар жұртшылық назарына көрсетіліп қана қоймай, осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, жиһаз өндірісін дамыту, дизайнды жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болмақ.

Көрме маусымның 12-сіне дейін жалғасады.