Алматыда 100-ден астам полиция қызметкері марапатқа ие болды

АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының 100-ден астам қызметкері кәсіби марапатқа ие болды,

Алматыда 100-ден астам полиция қызметкері марапатқа ие болды

деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара қалалық ІІД-нің мәжіліс залында ҚР Ішкі істер вице-министрі Амантай Әубәкіров пен қалалық департамент басшылырының қатысуымен өтті. Салтанатты шара барысында министрдің орынбасары мен қалалық департамент басшылары қылмыстық іздестіру саласында қызмет етушілердің жұмысын жоғары бағалап, табыс тіледі.

«Кылмыстық іздестіру бөлімі ІІМ-нің ең негізгі, ірі құрылымдарының бірі.Жедел із кесушілердің қызметі тәуекелділікпен тығыз байланысты. Атыс, қылмыскерлердің ізіне түсу, қылмыскерлермен бетпе-бет келу - осының бәріне қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері сағат сайын, күн сайын дайын болуы керек. Біздің мамандарымыз жыл сайынғы қылмыстың 70 пайызына жуығын ашады. Сонымен қатар олар жоғалған азаматтар мен қашып жүрген қылмыскерлерді іздестіреді. Қылмыстың басым бөлігін криминалдық полиция ашатыны белгілі. Сондықтан біздің қызметке талап та жоғары. Бұл бізге өз ісімізбен мақтануға мүмкіндік береді. Алматының криминалдық полиция бөлімі ардагерлердің лайықты ізбасары болып келеді. Заман талабына сай қылмыспен күрес тәсілдерін жандандыра отырып, жедел түрде өсіп келеді», деді Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы Амангелді Шідерқұлов.

Қазіргі таңда Алматыда криминалдық полцияның 500-ден астам жедел қызметкері қылмыспен күреседі. Олар негізінен қылмыстың алдын-алу мен ашу, ұйымдасқан қылмыспен, заңсыз қару-жарақ айналымымен және есірткімен күрес, Алматыға жеткізілетін есірткі жолдарын кесу шарасын үйлестіреді.