Алматыда 100 учаске мемлекет қажеттілігіне алынады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінің қаулысымен биыл 100 учаске меншік иесінен мәжбүрлікпен алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 ақпандағы әкімдіктің қаулысында 49 учаскені тәркілеу туралы жазылған. Наурызбай және Әуезов ауданында Абай көшесінің Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі жерлер Абай көшесін ары қарай созу мақсатында алынады.
Атап айтқанда, Достық, Қалқаман-2, Қалқаман -3, Шұғыла және Жайлы аудандарының территориясы қарауға түседі.
Қалқаман -2 шағын ауданында 52 жер учаскесі электр көлігі нысанының құрылысын жүргізуге себебінен алынады.
Сонымен қатар, көлік жол айрығының салынуына байланысты Құлжа тас жолында 6 учаске тәркіленетін болды.
Сондай-ақ, Алмалы ауданында Жамбыл көшесінің бойындағы екі учаскеде Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры жанындағы бау-бақша көркейтіледі.
Бұл жұмыстар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін басталмақ.
Алматы қалалық Жер қатынастары басқармасы жер иелерін хабарландырып, оларға өтемақы төлеуге міндеттелді.
Барлық тәркіленген учаскелер Алматы қалалық Қаржы басқармасының балансына беріледі.