17:43, 05 Маусым 2022 | GMT +5
Алматыда 100 жастағы соғыс ардагері саяси таңдауын жасады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда референдум учаскесінің комиссия мүшелері соғыс ардагері Филипп Губановтың үйіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соғыс ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының «Құлагер» шағынауданында тұрады.
Сайлау комиссиясының мүшелері жүз жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды. 100 жастағы қария дауыс берді.
Бұған дейін Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдіргенін жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 574 учаскеде жүріп жатыр.
Мегаполисте 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы.