Алматыда 1000-нан аса әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектеп формалары мен мектепке қажетті жабдықтар салынған сөмкелер табысталды
МАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қазақ мемлекеттік циркінде Әуезов ауданының әкімі аппаратының, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы мен Әуезов ауданы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссиясының ұйымдастыруымен "Мектепке жол" акциясы аясында мерекелік шара өтті.
Шара барысында 1000-нан аса Әуезов ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формалары, мектепке қажетті жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Бұнымен қатар, балалар назарына Қазақ мемлекеттік циркі әртістері әзірлеген мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
"Бүкіл елімізде өтіп жатқандай, біздің ауданымызда да тамыз айының бірінші күндерінен бастап дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы бастау алды. Акция аясында аудан әкімдігі балаларды мектеп науқанына дайындау үшін жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл акция 30 қыркүйекке дейін өтеді. Оның басты мақсаты - қаланың балаларын толықтай білім алуға қамту болып табылады", - деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов шара барысында.
Оның айтуынша, Әуезов ауданы әлеуметтік жағдайы нашар, көпбалалы отбасы балаларына, сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әрқашан ерекше көңіл бөліп отырады.