Алматыда 11 бала инфекциялық стационарда жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 15 адам коронавирус жұқтырды. Оның 11-інде симптом бар, 4-еуінде ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
9 адам жазылып шықса, 11 адам ауруханаға жаңадан түсті.
400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 96 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 10 адам жатыр.
4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 2 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 181 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 164 науқас, симптомсыз 17 науқас бар.