Алматыда 116 медицина қызметкері, 3 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 14 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 346 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 бала, 3 жүкті әйел бар.

«Қалада бір тәулікте 174 жаңа науқас тіркелген. Оның 58-і жергілікті науқаспен байланыста болған адамдар. Соның ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, Медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар», - деді ол қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы онлайн-брифингте.

Дәл қазір инфекциялық стационарларда Covid-19-дан 295 пациент емделіп жатыр. Оның ішінде 7 адамның жағдайы – ауыр , 41 адамның (бір әйел Алматы облысынан) жай-күйі – орташа ауыр, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде.

Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент бар.



Соңғы жаңалықтар