Алматыда 118 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 815 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«13 шілде күні 815 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 445, II компонентін – 370 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылдың 13 шілде аралығында қалада 1 231 214 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 195 977 адам екінші компонентін салдырған», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 117 658 адам салдырды.

Қалада 85 пункт жұмыс істеп тұр. 313 адамнан тұратын 99 егу бригадасы бар.

Ревакцинациядан 507 282 алматылық өтті.


Соңғы жаңалықтар