Алматыда 12-қабаттың терезесінен бала құлап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12-ші қабаттың терезесінен бала құлап кетті. Ол шамамен 2013 жылғы болуы мүмкін. Бұл туралы Дилярам Акрам Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Алматыда 12-қабаттың терезесінен бала құлап кетті

Оның сөзіне қарағанда, оқыс оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде шамамен 13.30-да орын алған. ер бала 12-ші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Ол жедел жәрдем көлігі келгенше жан тапсырып үлгерді.