Алматыда 12 жылдық білім беру жүйесінің мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинарға қалалық және облыстық білім басқармаларының методистері мен тәжірибелік мектептердің 7-8 сынып мұғалімдері, оқулықтар авторлары қатысты.
Ж. Түймебаевтың айтуынша, мемлекет 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беруге толығымен көшу мақсатын қойып отыр. «Мақсат белгілі, түсінікті. Дегенмен, оны жүзеге асыру үшін білім саласындағы әрбір қызметкерде жоғары талаптылық пен мәнді жұмыс болу керек», деді министр.
12 жылдыққа көшудің тәжірибелік сыныптарын оқыту 2003 жылы басталған болатын. Алғашында 51 мектепте оқытыла бастаған тәжірибе кейін 104 мектепке дейін өсті. 2006-2007 оқу жылында алғашқы іріктелген мектептер бастауыш сыныптарын сәтті аяқтады. Ал 2007-2008 оқу жылында олар негізгі сыныптарға көшкен болатын. Онда 6813 оқушы оқып жатса, оның 4097-сі қазақ тілді, 2716-сы орыс тілді оқушылар болып отыр.