Алматыда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

Екі күннен бері қызынан хабар алмаған ата-ана еріктілер ұйымы мен полицияға хабар берген.

Ангелина Филатованы кластастары соңғы рет 5 қыркүйекте көрген. 

8-сынып оқушысы №9 шағын аудандағы №5 мектептен таңертеңгі сағат 11:00 шамасында шығып кеткен.

«5 қыркүйекте мектепке кеткен. Онда 7 сабақ болу керек болған. Кей сабақтар болмаған соң балаларды ертерек босатқан. Ангелина мектептен белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны анам ватсаптан кеш білді. Барлық достарын, құрбыларын аралап шықтық, ешкім көрмеген», - деді әпкесі.

Анасының айтуынша, Ангелинаның әлеуметтік желідегі аккаунттарында ақпарат жаңармаған.

«Қызым жаман әдеттерден аулақ. Күдіктенетін де ештеме жоқ. Телефон қоңырауларына детализация жүргізгенде соңғы рет №1 шағын ауданда кеше түстен кейін болғаны белгілі болды. Телефон соқсақ қоңырауды көтермейді. Не ойларымызды да білмейміз», - деді анасы Филатова Марина.

Ангелина Филатованың бойы 150 см, үстінде қаракөк түсті джинсы, ақ күртеше, ақ кроссовки киген.  Қолында мектеп сөмкесі болған.