Алматыда 130-дан астам үй мен бірнеше көше, 25 әкімшілік ғимарат жылусыз қалды

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, кешкі сағат 8-де Алматы қаласында орталықтан жылу тарату құбырының жарылуы салдарынан 122 көппәтерлі және 10 жер үй,

Алматыда 130-дан астам үй мен бірнеше көше, 25 әкімшілік ғимарат жылусыз қалды

25 әкімшілік ғимарат, соның ішінде №152 балабақша мен №73, 93-ші мектептер, сондай-ақ Айманов, Тимирязев, Гагарин, Өтепов, Розыбакиев пен Жандосов көшелерінің тұрғындары жылусыз қалды.

Құбырдың жарылу диаметрі 400 мм-ді құрады. Төтенше жағдайды жоюға «Алматы жылу жүйелері» АҚ-ның 29 адамы мен 10 техникасы, «АПК»-ның 4 адамы мен 1 техникасы, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.