Алматыда 1300-ден астам көпқабатты үй жөндеуден өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы 9 жылда мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 305 үй жөнделді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 1300-ден астам көпқабатты үй жөндеуден өтті

Оның айтуынша, қалада үйлердің жағдайына ерекше көңіл бөлінеді.

«Тұрғын үй қорын жаңғыртуға қатысты Басқармада 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру кезінде 2011-2020 жылдар аралығында 1 305 үй жөндеумен қамтылды»,– деді Мейіржан Отыншиев.

Сонымен қатар, ол 138 көпқабатты үйде 300 лифт ауыстырығанын атап өтті. Сондай-ақ, 62 үй бойынша күрделі жөндеуге шарттар жасалды, оның ішінде 20 үй бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 42 үй бойынша жұмыс аяқталды.