Алматыда 131 адам инфекциялық стационарда ем алып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12 шілдедегі жағдай бойынша 280 адам КВИ жұқтырды. Оның 268-і симптомдық белгілермен, 12-сі симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 131 адам инфекциялық стационарда ем алып жатыр

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Алматының инфекциялық стационарларында 131 пациент ем алуда.

«Бүгінгі таңда Бірінші медициналық-санитарлық көмек пен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 687 науқас бақылануда. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде - 1524, симптомсыз 163 науқас бар», - делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, вакцинация бойынша бүгінгі ақпаратқа сәйкес, қалада бір тәулікте вакцинаның I компонентімен – 502, II компонентпен 348 адам егілді. Ревакцинациядан 1 895 адам өтті.

«2021 жылдың ақпан айынан биылғы 12 шілдеге дейін қалада I компонентпен 1 230 769 адам, II компонентпен 1 195 607 адам вакциналанды. 2021 жылдың қараша айынан биылғы 12 шілдеге дейін 505 348 адам ревакцинациядан өтті. Қазіргі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен 117 649 адам егілді.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы: Vero Cell – 183 012 доза, Pfizer – 11 820 доза, QazVac – 40 793 дозасын құрайды. Бүгінгі таңда қалада 85 вакцинация пункті жұмыс істейді. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкері жұмылдырылды» – деп хабарлады ведомтсводан.