Алматыда 140 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының Әуезов ауданында Елбасының Жарлығымен көпбалалы 86 ана «Алтын алқамен», 54 ана «Күміс алқа» медальдарымен марапатталды,

Алматыда 140 көпбалалы ана  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шарада Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов барлық аналарға марапаттарын табыс етіп, зор денсаулық пен бақыт, ұзақ ғұмыр тіледі.

Марапаттау рәсімінде алтын алқа иегері, 9 баланы тәрбиелеп өсірген 90 жастағы Зуре Айтымбетова мемлекетке және аудан басшылығына көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тілді. «Елбасына, Үкіметке мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне және Қазақстан демографиясының өсуіне барынша жағдай жасап жатқандары үшін алғысымды білдіремін», деді ардақты ана.