Алматыда 15 мыңға жуық бала қызылшаға қарсы екпе алмаған
«Қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайының 56-сы (76,7%) дер кезінде қызылшаға қарсы егілмегендер, оның ішінде 25 (50,0%) ата-анасының екпеден бас тартуы, 16 (28,6%) медициналық қарсы көрсетілім, 7 (12,5%) вакцинация жасына жетпеуі және 6 (9,6%) белгісіз иммундық статусы болу салдарынан болды», – деді спикер. Ол сондай-ақ Алматыда қызылша ауруының таралуына көші-қон үдерісі әсер еткенін атап өтті.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиеваның сөзінше, Алматыда вакцина алмаған 14 884 бала бар, оның ішінде 1-6 жас аралығындағы 6 124 бала, 7-17 жас аралығында 8 760 бала, түрлі себептерге байланысты екпеден бас тартқан 5688 бала бар.
«Ата-аналарды балаларының денсаулығына бей-жай қарамауға шақырамын. Балалар арасында қызылшамен аурудың төмендеуіне Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы иммундау ғана ықпал етеді», - деді ол.
Мамандар қызылша жұқпасы мен аурудың асқынуының алдын алудың тиімді жолы вакцинация екенін айтады. Мәселен, өткен жылы профилактикалық іс-шаралар кешенінің нәтижесінде Алматы қаласында аурушаңдықтың эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыруға және аурудың тіркелуін бірлі-жарым жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік туған.
Айта кетейік, қызылша – ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын жіті вирустың инфекция.