Алматыда 15 мыңға жуық пациент қатерлі ісіктен емделген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық онкология орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлер арасындағы ең үздігі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда 15 мыңға жуық пациент қатерлі ісіктен емделген

Бұл туралы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық аумақтарындағы онкоқызметтердің арасындағы онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды.

Алматы қалалық онкология орталығы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен онкологиялық аурумен күрес жөніндегі кешенді жоспар жол картасын жүзеге асыруда барлық индикаторларға қол жеткізді.

​Пациенттерге жатыр мойнына скрининг жүргізу кезінде анықталатын қатерлі ісік алды, колоректалды қатерлі ісігінің саны көбеюде, бастапқы сатыдағы қатерлі ісіктердің туындау саны да өскен.

Көзге көрінетін қатерлі ісіктің асқынуы азайып, 5 жылға дейін тіршілік ету қабілеті ұлғая түсті.

Өткен жылы тіршілік ету қабілетінің үлес салмағы 53,5% мөлшерін құрады.

Пандемияға қарамастан Алматы қалалық онкологиялық орталығының жұмысы еш кідірген емес.

Бұған пациенттерге түрлі медициналық тексерістің жүргізілгені дәлел болмақ.

Осылайша, өткен жылы 15 мыңнан астам КТ және МРТ тегін тексерісі, өз ретімен 900 молекулярлық-генетикалық тегін тексеріс, позитрондық-эмиссиялық томография жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы халі мүлдем нашар пациенттерге 4,5 мәрте мобильдік онкобригада көмек көрсетті.

Іс-шарада аса жиі кездесетін онкоаурулар белгіленді.

Көбіне жыл қорытындысы бойынша ауру құрылымы бойынша 1-орында - сүт безінің қатерлі ісігі (15,7%), 2-орында - терінің қатерлі ісігі (13%), үшінші орында – колоректальды қатерлі ісік.

Өткен 2020 жылы Алматы қалалық онкологиялық орталығында 2,5 мың операцияның жасалғаны, оның ішінде, 70% мөлшері – жоғары технологияда өткізілгенін айта кеткен жөн.

Барлығы 14 546 пациент емделіп шыққан.