Алматыда 15 жасар қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген: Күдікті педофил ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 15 жасар қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген. Бұл туралы әлеуметтік желіде еріктілер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 15 жасар қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген: Күдікті педофил ұсталды

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады»,-деп хабалады Алматы қалалық полиция департаментнің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жасөспірімнің бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Оны өз әкесі зорлаған.

Бұған дейін Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы әйелді зорлаған бригадирге қатысты үкім шыққанын жазған болатынбыз.