Алматыда 16 мыңға жуық жасөсіпірм Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1013 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 16 мыңға жуық жасөсіпірм Pfizer вакцинасын алды

«12 желтоқсан күні 1013 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 409, II компонентін – 604 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 желтоқсаны аралығында қалада 1 035 250 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 992 878 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 852 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 21 559 адам салдырды. Оның ішінде 1257 жүкті әйел, 4344 бала емізетін ана және 15958 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.