Алматыда 16 жастағы оқушы қыз бір аптадан соң табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 16 жастағы оқушы қыз бір аптадан соң табылды

«Бостандық ауданы ІІБ қызметкерлері Екатерина Клименконың достарын түгел тексерген соң, қызды аман-есен тапқан. Қазіргі уақытта ол ата-анасының қасында. Жасөспірім оқушы үйден өзі кетіп қалғанын және осы уақытқа дейін достарының жанында болғанын айтқан», - деп мәлім етті Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, 11 маусым күні Екатерина Клименконың ата-анасы полицияға балаларының жоғалып кеткені туралы шағым түсірген. Қыз бала 6 маусым күні үйінен кетіп қалған және содан кейін одан еш хабар болмаған. Ұялы телефоны өшірулі болған.

Автор: Асель Асанова